«Жиналып өңделген астықтың жалпы салмағы 20,1 млн тонна, ал оның 16,6 млн тоннасы бидай», — деп атап өтті А. Күрішбаев.
Ол айтқанындай, алдыңғы жылдармен салыстырғанда (1998 — 2002 жылдары) соңғы бес жылда бидай дақылдарын өсіру көлемі 2,7 млн тоннаға ұлғайды немесе 21%, егіс алқаптары 1,7 млн га, немесе 12%, ал астық өнімділігі- 0,7 ц/га, немесе 7% өсті.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, биыл үлкен көлемде астық жиналып, ол 22,6 млн тоннаны құрады. Бұл 2006 жылы жиналған астықтан 22% көп», — деді ол.
«Республика бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда астық өнімділігі 1,8 ц/га жоғары болып, 14,8 ц/га құрады», — деп атап өтті вице-министр. Бидайдың 18,6 млн тоннасы жиналды.
Вице-министр айтқанындай, шығарылған бидай көлемі жан басына шаққанда 1078 кг жеткен. Мұндай көрсеткіш бойынша, ҚР биылғы жылы Австралияны басып озып, әлем бойынша 1-ші орынға шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті