Сонымен қатар Қ. Қадырбеков, қала басшылығы кәсіпкерлерге Жаңа жылға дейін меншік түріне қарамастан, әрбір нысан, әрбір заңды тұлға дератизациялау жүргізетін ұйыммен келісімшарт жасаулары жөнінде ұсыныспен жүгінді, деп атап өтті. Мемлекеттік және муниципалдық құрылымдар үшін бюджеттен қаржы бөлінеді. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің мамандары мәселінің бұлай шешілуімен келіспейді. «Егер барлық жер бір уақытта және жекелеген учаскелер бойынша жүргізілетін болса, бұл ешқандай тиімділік әкелмейді. Егеуқұйрықтар өңделген жерден қашып кетіп, бұл жерге біраз уақыттан кейін қайта оралады»,- деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің өте қауіпті індет бөлімінің бас маманы Марат Тажеков.
Оны «Шымкент-дезинфекция» ЖШС жетекшісі Әділхан Сұлтанбеков та қолдап отыр. «Бұрын жыл сайын егеуқұйрықтармен күресуге төтенше жағдай жариялауды күтпестен арнайы қаржы бөлінетін. Өткен жылмен салыстырғанда егеуқұйрақтар жайлаған аумақ екі есеге өсіп, қазірде 23 пайызды құраған. Қала орталығын егеуқұйрықтар жайлап алған»,- деді ол.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімдердің бас дәрігерлері, дезинфекциялау қызметінің басшылары және басқа тда тұлғалардың қатысуымен өткен жиналысқа қатысушылар қала басшылығына егеуқұйрықтармен күресуге қатысты маңызды проблемаға деген көзқарасты өзгертіп, төтенше жағдайды күтпестен алдын алу шараларын қабылдауды ұсынды.
Бұрын хабарлағанымыздай, санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің мамандары мен «Шымкент-дезинфекция» ЖШС мамандарының бағалауынша, Шымкентті дератизациялауға 57 млн теңгеден кем емес қаржы қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті