Ипотекалық несиелендіру ставкаларын көтеруді белгілі бір артықшылық деп санау керек - Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ипотекалық несиелендіру ставкаларын көтеруді белгілі бір артықшылық деп санау керек -  Келімбетов

Ипотекалық несиелендіру ставкаларын көтеруді белгілі бір артықшылық деп санау керек - Келімбетов

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" ТДҚ"АҚ-ның басшысы Қайрат Келімбетов ипотекалық несиелендіру ставкаларын көтеруді белгілі бір артықшылық деп санау керек деп пайымдайды. Бұл туралы бүгін "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ, "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ мен екінші деңгейлі банктер арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылғаннан кейін "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Ипотекалық ставкалар Қазақстанда қазіргі бар нарықтық ставкаға сай белгіленуге тиіс. Ол тіпті жоғары болған күннің өзінде мен бұл белгілі бір артықшылық және іріктеу болады деп ойлаймын…» — деді Қ.Келімбетов ипотекалық несиелендіру ставкаларын көтеру мүмкіндігі туралы сауалға берген жауабында.

«Ипотека аясына төлемдік қабілеті бар адамдар ғана қамтылуға тиіс. Артынан қаржыны қайтара алмай қаржылық дағдарыс туындатпау үшін», — деді ол.

«Қазына» қорының басшысы қазіргі уақытта республика үкіметінің «Үлестік құрылысқа қатысу туралы» заңға енгізілетін өзгертулердің жобасын жасап, соған сәйкес, құрылыс салушы компанияларға және тиісінше «осы нарықтағы барлық субьектілерге» қойылатын талап күшейтілетінін хабарлады.

«Яғни, ендігі жерде ешкім де беталды келіп, адамдардан ақша жинап, құрылысты бастап, сосын үн-түнсіз ғайып болып кете алмайды», -деді ол.

«Қазір аса қатал квалификациялық талаптар қойылады, олар құрылыс салушы компанияның қаржысына да, олардың лицензиялық талаптарды орындауына да қатысты болмақ. Меніңше, облыс әкімдері жаңа заңның ахуалында құрылыс бастаудың жауапты операторлары болуға тиіс», — деді Қ. Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті