Нұрлан Балғымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Балғымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Нұрлан Балғымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 668
Фото - Caravan.kz

60 жастағы Н. Балғымбаев Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1973 — 1986 жылдар аралығында республиканың мұнай саласында жұмыс істеді, еңбек жолын операторлықтан бастап «Жайықмұнай» мұнай өңдеу басқармасының, сосын «Ақтөбемұнай» бірлестігінің бас инженері қызметіне дейін көтерілді. 1986 — 1992 жылдарда КСРО мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің бірқатар бас басқармалары басшысының орынбасары болды. 1992/1993 жылдары Массачусетс университетінде оқыды (Бостон,АҚШ).

1993 — 1994 жылдарда «Шеврон» компаниясында білімін шыңдап, жұмыс істеді.

1994 жылдың қазан айы мен 1997 жылдың наурыз айлары аралығында Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі министрі болды.

1997 жылдың наурызынан бастап «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясының президенті болды.

1997 жылдың қазан айы мен 1999 жылдың 1 -қазаны аралығында ҚР премьер-министрі болып істеді.

1999 жылдың қазан айы мен 2002 жылдың ақпан айлары аралығында «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ президенті болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті