Атырауда кепілдікке алынған 15 жасар жасөспірім босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда кепілдікке алынған 15 жасар жасөспірім босатылды

Атырауда кепілдікке алынған 15 жасар жасөспірім босатылды

Атырау. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда кепілдікке алынған 15 жасар жасөспірім босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "Бүгін полицияға бір жас қыз жүгінген. Арызданушы өзінің танысы 1992 жылы туған бауырын мектепке кетіп бара жатқан жерінен ұрлап әкеткендігі туралы хабарлаған. Осыдан кейін ол қызға қоңырау шалып, оған күйеуге шықпаса бауырын өлтіретіндігін айтып қорқытқан",- деп хабарлады Атырау облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы полиция подполковнигі Гүлнәзира Мұхтарова.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бірнеше сағат өткеннен кейін Атыраудың криминалдық полициясы мен арнайы бөлімшесінің қызметкерлері кепілдікке алынған баланы босатып алған. Бала зардап шекпеген, қала шетіндегі Геолог аулының 28 жастағы тұрғыны — күдікті құрықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті