Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Нұртай Әбіқаев «дөңгелек үстелде» сөйлеген сөзінде республикадағы ұлтаралық келісімге халықаралық қоғамдастықтың оң баға бергенін атап өтті.
Оның пікірінше, бұл істе Қазақстан халқы ассамблеясы айрықша роль атқарды. «Бүгінде Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі түрлі ұлттар арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды реттеудің икемді тетігінің бекем іргетасы болып табылады», -деді Н. Әбіқаев.
Делегация мүшелері ұлтаралық және конфессияаралық қарыс-қатынастар саласындағы тәжірибесімен бөлісті. «Қазақстанның табысқа жеуінің аса маңызды бір алғышарты — мемлекет пен оның көшбасшысының саясатының арқасында елде тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ете алуы болмақ», — дейді ассамблеядағылар.
Сапар барысында делегацияның Мәскеу мен Ресей халықтары ассамблеясының ұлттық-мәдени автономияларының өкілдерімен кездесулері өтті. Оларда екі елдің ұлттық-мәдени бірлестіктерінің ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті