Қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құруға байланысты мәселелер жыл соңына дейін келісілуі мүмкін - Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құруға байланысты мәселелер жыл соңына дейін келісілуі мүмкін - Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құруға байланысты мәселелер жыл соңына дейін келісілуі мүмкін - Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Бішкек. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз-қазақ инвестициялық қорын құруға байланысты мәселелер бойынша үстіміздегі жылдың соңына дейін келісімге келуіміз мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Екі жақты негізде жүргізіліп отырған осы бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде аяқталар деңгейіне жақындап келеді. Бірнеше мәселені пысықтау ғана қалды. Атап айтқанда, әрбір тараптың жарғылық қорының көлемін анықтау, қордың қай жерде, Қазақстанда әлде Қырғызстанда тіркелетінін анықтау қалып отыр. Бұл проблема Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі басшылығының айрықша назарында», — деп хабарлады кеше Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл қорды құру жөніндегі түпкілікті шешім Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Қырғызстан Республикасына сапары кезінде үстіміздегі жылдың шілде айында Бішкек қаласында қабылданған болатын. Ол сол кездегі Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен тиісті келісімге қол қойған еді.

«2008 жылдың басынан бастап осы бірлескен қор жұмыс істей бастауы үшін біз неғұрлым тезірек барлық қажетті мәселелерді талқылауды аяқтауымыз керек», — деді Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Еднан Қарабаев.

Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, аталмыш қор қаражатымен қырғыз экономикасының өрлеуіне айтарлықтай үлес қоса алатын Қырғызстанның неғұрлым ірі жобалары қаржыландырылатын болады. Бұл келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ, Қырғызстан мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері кеңесінің бақылауына алынған. Үстіміздегі жылдың сәуір айының аяғында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға жасаған сапары барысында құрылған кеңес екі елдің мемлекетаралық кеңесінің жұмыс органына айналды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті