Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет - Назарбаев

Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет - Назарбаев

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 533
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізі айрықша назар аударуды талап етеді. Мұнда мұнай өндіру жұмыстары таяз шельфте жүргізіледі және біз мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігіне назар аудармайтын болсақ, бұл Каспийдің биологиялық жүйесі үшін ауқымды залал-зардап болмақ», — деді президент.

«Қазақстан үкіметі, тиісті мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі әкімдер осы өңірдегі экологиялық ахуалға мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасауға қажетті барлық шараны қолдануы қажет», — деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті