Әлемдік қоғамдастыққа экологиялық мәселелер бойынша реестр құру қажет - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қоғамдастыққа экологиялық мәселелер бойынша реестр құру қажет - ҚР президенті

Әлемдік қоғамдастыққа экологиялық мәселелер бойынша реестр құру қажет - ҚР президенті

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа экологиялық әлемдік мәселелердің ресстірін құруды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 1538
Фото - Caravan.kz

«ҚР экологиялық мәселелерді қамтитын реестр құрылған, сондықтан біз әлемдік қоғамдастыққа, Қазақстанның тәжірибесі бойынша, әлемдік экологиялық мәселелердің реестірін құруды ұсынамыз». Оның сөздері бойынша, «мұндай ресстр қазір қажет, өйткені, бүгінде әлемде туындап отырған экологиялық мәселелерді шешуге жеке мемлекеттің күші жетпейді». «Мысалы — Арал теңізі: бұл табиғат апаты бүкіл Орталық Азия аймағына шығын келтіріп, басқаларға да әсерін тигізді», — деп атап өтті президент.

Ол еске салғанындай,»Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор құрылып, оның жұмысында Қазақстан бүгінде негізі роль атқаруда». «Арнайы жоба негізінде біз кіші Аралды тірілтіп, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жақсарту үшін, Аралды құтқару қорына БҰҰ институтының статусын беру арқылы халықаралық көмекті күшейттік «, — деп айтты Н. Назарбаев.

ҚР Президентінің пікірінше, XXI ғасырда «су басты стратегиялық ресурстың ролін атқарады». «Су сапасын жаңа деңгейде жақсартылып, күшейту керек. Сондықтан, біз Астанда Еуразиялық су орталығын құру туралы шешім қабылдадық. Ол контитенттегі су ресурстарын қорғау жөніндегі кешенді мәселелерді шешетін алдыңғы қатарлы аймақтық ғылыми ұйым болуы керек», — деп қорытындылады Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті