Энергетикалық ресурстарды үнемдеу қазақстандықтардың ділінің бір бөлігіне айналуы қажет - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетикалық ресурстарды үнемдеу қазақстандықтардың  ділінің бір бөлігіне айналуы қажет  - президент

Энергетикалық ресурстарды үнемдеу қазақстандықтардың ділінің бір бөлігіне айналуы қажет - президент

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Энергетикалық ресурстарды үнемдеу қазақстандықтардың ділінің бір құрамды бөлігіне айналуы қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Су, шикізат және энергияны үнемдеу біздің діліміздің, өндірістік-тұрмыстық мәдениетіміздің бір құрамды бөлшегіне айналуға тиіс. Және біз шетелдік инвесторлар осы тұрғыдан үлгі -өнеге көрсететін болса, оны қолдайтын боламыз», — деді Н. Назарбаев.

«Біз тұтынып отырған судың 20% астамы тасымалдау кезінде ысырап болатыны, электр қуатының 30% тиімді пайдаланылатыны белгілі», -деді ол. «Сол себепті еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бізге бірінші кезекте табиғи ресурстарға ұқыппен қарауымыз қажет», — деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті