Қазақстанда 2010 жылға дейін экологиялық негізгі стандарттар жасалу керек - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2010 жылға дейін экологиялық негізгі стандарттар жасалу керек - президент

Қазақстанда 2010 жылға дейін экологиялық негізгі стандарттар жасалу керек - президент

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасау керек. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдің инвесторлар кеңесінің 18-отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Біз 2010 жылға дейін қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасау туралы міндет қойдық «, — деді Н. Назарбаев.

«Яғни, кәсіпорындарда, құрылыста, энергетикада, көлік саласында қоршаған ортаны қорғайтын, бүгінгі күнге сай қатаң талаптар орнатылуы керек», — деп түсіндірді ол.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «өндіріс орындары ұлғайғанымен, қазақ кәсіпорындарының 1990 жылдан бастап ауаға шығарған 4,7 млн тонна зиянды заттар көлемі, былтыр 3 млн тоннаға дейін төмендеді». «Ертіс, Орал өзендерінің және Балхаш көлінің ластану индекстері қысқарды», — деді мемлекет басшысы.

«Қазақстан өз дамуында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдігін сақтауы керек. Біз бүкіл әлемге, тұрғындары жоғарғы стандарттармен өмір сүретін мемлекет болатынымызды жарияладық. Қазақстанның даму стратегиясында көрсетілгеніндей, ҚР жазыл желекке бөленген, суы мен ауасы таза мемлекетке айлануы керек», — деп атап кетті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті