Президент үкіметке Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу жөнінде ұсыныс жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент үкіметке Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу жөнінде ұсыныс жасауды тапсырды

Президент үкіметке Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу жөнінде ұсыныс жасауды тапсырды

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу жөнінде ұсыныс жасауды тапсырды. Президент мұндай тапсырманы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 18- отырысында берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Үкімет халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу туралы ұсынысты жасауы керек», — деді Н. Назарбаев.

Президент «Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелерінен осыған байланысты заң жобаасын жасауға атсалысуын сұраймын»,-деді.

«Біз кәсіпкерлердің өз бизнестерінің экологиялық жағын жақсарту үшін, оларды ынталандыратын арнайы жағдай туғызуымыз қажет. Бұл жерде бүгінгі күннің құралдарын пайдалану қажет, соның қатарына экономикалық қолдау мүмкіндігі де енеді», — деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті