«Қазірде «ЭЛСИБ» ғылыми-өндірістік бірлестігі Қамбарата 2-ші СЭС-ның бірінші агрегатын монтаждау мен комплектациялауға қажетті жабдықтарды жібере бастады, күнтізбелік кестеге сәйкес, жаңа электр станциясының бірінші блогы 2009 жылдың аяғында пайдалануға берілуге тиіс», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«ЭЛСИБ» ғылыми-өндірістік бірлестігі ( 1990 жылға дейін «Сибэлектротяжмаш») — Ресейдегі ауыр электр машиналарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Токтогул, Курпсай, Таш-Кумыр, Шамалдысай СЭС-ның генераторлары осы зауытта жасалған.
Бұл жобаны жүзеге асыруға жалпы 5 млрд сом жұмсалады (Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметінше, $1 = 34,54 сом). Оның 3,5 млрд мемлекеттік бюджеттен, ал 1,5 млрд сомын «Электрические станции» ААҚ бөледі.
Биылғы жылдың аяғына дейін құрылысқа мемлекет қазынасынан бөлінген 300 млн сом жұмсалалды.
Қырғызстандағы электр қуатының 98 процентіне дейін өндіретін «Электрические станции»ААҚ Қамбарата 2-ші СЭС салу жөніндегі бас тапсырыс беруші болып табылады.
Жобалық қуаты 360 МВт болып табылатын Қамбарата 2-ші СЭС Қамбарата СЭС каскадының бір сатысына жатады. Станция жылына 1 — 1,1 млрд кВт-сағ электр қуатын береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті