«Тексеру барысында оның түзету мекемесінде күзетші болып істегені, оған расында да жалақы төленбегені белгілі болды. Сөйтіп, оның конституциялық құқығы бұзылған», — деп түсіндіреді прокуратурадағылар.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, бір мекеменің бухгалтериясы мерзімінен бұрын және шартты босатылған сотталушыларға да жалақысын уақытында бермей келген.
«ҚР «Прокуратура туралы» заңының 25-ші бабына сәйкес, түзету мекемесінің басшылығының атына сотталғандарға есептеліп шығарылған жалақыны төлеу және осы оқиғаға қатысы бар кінәлі лауазым иелерін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде таныстыру жіберілді», -деп хабарлайды мекеме.
Прокуратураның мәліметінше, ағымдағы жылдың 11 айында азаматтар мен сотталғандардан 100-ден астам шағым келіп, оның 95 бойынша мәселе шешілген.
«Шағымдарда айтылған мәселелер көбінесе сот үкімімен келіспеушілікке, мекеме әкімшілігінің шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату жөнінде және жазаны тұрғылықты жері бойынша өтеуге жіберу жөнінде таныстыру жібермеуге қатысты», -дейді прокуратурадағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті