Өздеріңізге мәлім, Ресей президенті Владимир Путин сайлау өте сала президенттік және парламенттік сайлаулардың бір-бірін «өкшелей келетініне» байланысты өкініш білдіре отырып, болашақта осынау екі шараның өткізілу мерзімін бір-бірінен алшақтату жөнінде нұсқау берген.
«Президенттің бұл кеңесі Конституцияға президенттік мерзімді ұзарту жөнінде бап енгізу арқылы өзгерту енгізілетіндігін меңзейді», -деп хабарлайды «Единая Россия» партиясының баспасөз қызметінен.
Ресейде президенттің өкілеттілік мерзімі 4 жыл екенін еске сала кетейік.
Агенттікпен сұхбаттасушының атап көрсеткеніндей, Ресейдегі парламент сайлауы кейінгі кездері президенттік сайлаудың өзіндік репетициясына айналғандай. Мәселен, 1995-1996 жылдары осындай жағдай болған. «Борис Ельцин мерзімінен бұрын отставкаға кеткен соң парламенттік және президенттік сайлаулардың арасындағы мерзім тіптен жақындай түсті. Сол себепті осынау тығырықтан шығудың жалғыз жолы — президенттік мерзімді 5 жылға дейін ұзарту», -деп санайды «Единая Россия» партиясындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті