Қырғызстанда 2008 жылдан бастап бюджеттік мекемелерде еңбекақы мөлшері 30% ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда  2008 жылдан бастап бюджеттік мекемелерде еңбекақы мөлшері  30% ұлғайтылады

Қырғызстанда 2008 жылдан бастап бюджеттік мекемелерде еңбекақы мөлшері 30% ұлғайтылады

Бішкек. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Қырғызстанда 2008 жылдың 1 қаңтарынан мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласы қызметкерлерінің еңбек ақысы 30% ұлғайтылады. Тиісті жарлықтарға Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі, мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Бұл жарлықтар әлеуметтік саладағы қызметкерлердің еңбегін бағалап, өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында қабылданды», — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, Қ. Бакиевтің жарлығымен, 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап, 5 жылдың еңбек тәжірибесі бар ұстаздарға қосымша төлем төленеді. Қалада тұратын мұғалімдер үшін 100 сом ($3), ал ауылды жерлерде тұратындарға 200 сом ($6) мөлшерінде төлемдер қарастырылған.Ал ең жоғарғы 300 сом ($9) төлемі шекара ауданында тұрып жатқан ұстаздарға беріледі.

Бұл жарлықтың орындалуы премьер-министрдің қызметін уақытша атқарушыға жүктелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті