Оның ақпараттарына сүйенсек, ұсталған күдікті бұрын осы тектес қылмыс жасағаны үшін сотты болған Семейдің 27 жастағы тұрғыны болып шықты. «Ол бөтен мүлікті ұрлау өзінің негізгі кәсібі деп санап келген. Ол полицейлердің көзіне үстіміздегі жылдың қыркүйегінде түскен. Дәл осы кезе «Восточный» ықшамауданында пәтер ұрлықтары жиілеп кеткен. Ол үш ай ішінде 20-дан астап пәтерге ұрлық жасап үлгерген»,- деді Ержан Сыздықбаев.
Оның айтуынша, ұсталған азамат пәтерге желдеткіш арқылы кіріп отырған. «Ол негізінен тері заттарын — тымақтарды, тері тондар, сонымен қатар тұрмыстық, дыбыс және бейне техникаларын ұрлаған. Күдікті ұрланған заттарды үшінші тұлға арқылы сатып отырған.
Жауап алу кезінде ол қылмысты өзінің жалғыз жасағандығын айтып бақты. Бірақ, оның сыбайластары бар екендігі жоққа шығарылмайды, себебі үлкен көлемдегі ұрланған заттарды жалғыз алып шығу мүмкін емес»,- деді Е. Сыздықбаев.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған, оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша (бөтен мүлікті ұрлау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті