Астана әкімі Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісімен кездесті

Астана әкімі Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісімен кездесті

Астана. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Ибрахим Хассан Сайф бен Рабех аль-Алимен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

Астана әкімшілігіндегілердің хабарлауынша, «тараптар Қазақстанның астанасы мен Араб Әмірліктері аймақтарының арасындағы ынтымақтастық ахуалы мен оны дамытудың келешегін талқылады. Араб дипломатының бұл сапарының негізгі мақсаты Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілігін салу үшін, Қазақстан Республикасынан жер телімін бөлу болып табылады. Елші, ғимарат құрылысының келісім шартқа қол қойылысымен-ақ басталатындығын атап өтті».

Қала әкімінің бағалауынша, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы екі жақты ынтымақтастық серпінді сипатқа ие. Оған «Aldar» компаниясының іс-қызметі куә. Баршаға белгілі, жуықта ғана Астанада 88 қабатты «Абу-Даби Плаза» кешенін салу басталғандығы туралы жария етілген болатын. Дипломат өз кезегінде араб жағының Ақтау айлағы мен Бурабай курортын экономикалық тұрғыдан дамытуға мүдделі екендігін атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті