Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты

Байқоңыр. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 368
Фото - Caravan.kz

Зымыран тасығыш 9 желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта №81 алаңның ұшырылым кешенінің №24 ұшыру қондырғысынан ұшырылды және ұшырылым қалыпты режимде жүзеге асырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатысы ұшу циклограммасының уақытына сәйкес дәлме-дәл бөлінді. «Протон-М» зымыран тасығышы «Космос» ғарыш аппаратын тірек орбитаға шығарып, бұдан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен жер серігі белгіленген нүктеге жеткізілді. «Космос» ғарыштық аппараты Ресейдің әскери мақсаттағы жер серіктерінің орбитадағы тобын толықтырды.

«Протон-М» зымыран тасығышының бұл 6 қыркүйектегі апаттан кейінгі Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші табысты ұшырылымы. 2007 жылдың аяғына дейін «Протон-М» зымыран тасығышымен тағы да үш бірдей «Глонасс-М» жер серігін ұшыру межеленген. Ұшырылым 26-желтоқсанға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті