Қазақстанда бір тәулікте үш өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бір тәулікте үш өрт шықты

Қазақстанда бір тәулікте үш өрт шықты

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бір тәулікте үш өрт шықты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Айманов көшесіндегі Бостандық ауданы әкімдігінің ғимаратында бүгін түнде №419 бөлмеде 01 сағат 29 минутта 0,5 шаршы метр аумақта өрт шықты. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 01 сағат 37 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техникасының көмегіммен сөндірілді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында Оралда бүгін түнде 04 сағат 28 минутта Широкая 2 көшесіндегі монша және кір жуу кешенінің ғимаратында 120 шаршы метр аумақта өрт шқты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 05 сағат 09 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 24 адамы мен 7 техникасының көмегімен сөндірілді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Дубровное ауылында 9 желтоқсанда сағат 7-де шаруа қожалығының астық қоймасының ғимаратының 720 шаршы метр аумақтағы шатыры өртенді. «Зардап шеккендер мен өлім-жітім жоқ. Жалын 1 тонна арпа, 1,5 тонна астық қалдықтарын жалмап, ДТ-75 маркалы екі трактор; үш СЗС-2/1 сеялкаларына ақау келді. Өрт 10 сағат 40 минутта сөндірілді», — деп хабарлайды ТЖМ. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті