Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері Қарағандыдағы «Меридиан» автокешенінің маңында уақытша жұмыс істемейтін 1973 жылы туған азаматты тұтқындаған. Оның «Мерседец-Бенц» автокөлігін тінту кезінде 1 кг 20 грамм мөлшеріндегі героин табылып, есірткі заты тәркіленді.
«Ұсталған тұлға уақытша тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті