Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұйымның беделін нығайтуға атсалыспақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұйымның беделін нығайтуға атсалыспақ ниетте

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұйымның беделін нығайтуға атсалыспақ ниетте

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұйымның беделін нығайтуға жәнен оған мүше елдердің арасындағы ықпалдастықты күшейтуге шаралар қолданбақ ниетте. Бүгін елімізде аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 557
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ төрағасы ретінде біз солтүстік атлантикалық және еуразиялық кеңістікті біріктірген бірегей диалог алаңы іспетті ұйымның ролі мен беделін нығайтуға өзіндік үлесімізді қоспақшымыз», — деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, сондай-ақ, » Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде барлық мемлекеттер арасындағы өзара сыйластықты нығайтуға барлық шараны қолданып, ЕҚЫҰ-ның стандарттары мен негізгі принциптерін сақтауды қамтамасыз етуге талпынатын болады».

Сонымен бірге, президенттің айтуынша, «Қазақстан ғаламдық саясаттағы ахуал үшін жауапты әріптес ретінде жаңаша қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бар күшін салып, өзекті өңірлік проблемаларды шешуге қатысты өз көзқарасын ортаға салатын болады».

«Қазақстан ЕҚЫҰ институттарын нығайтуға бар күшін салады және еліміздің саяси жүйесін демократияландыруға алған бағдарын одан әрі жалғастырады», — деді Н. Назарбаев.

«Біз ЕҚЫҰ-ға мүше елдер консенсустық негізде қабылдаған Қазақстанның төрағалығы туралы шешімді Қазақстанның Еуразиялық қауіпсіздік белдерін құұру жөніндегі халықаралық бастамаларын қолдаудың дәлелі деп қабылдайды», — деді ол.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше барлық елдерге қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді. «Әсіресе біздің кандидатурамызды ұжым болып қолдап, әріқарай да осы өтінішті ілгерілетуге қолдау көрсеткен ТМД елдеріне ерекше ризашылығымды білдіремін», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті