«Біздер Қазақстанның құрылыс индустриясына шетелдің серіктеріміздің қатысуын және экономикадағы шикізаттан басқа секторларына жаңа технологиялар мен инвестицияның құйылуын күтудеміз. Мемлекет индустриясын көтеруге қатысатын серіктерімізге, болашақта, қуат көздері мен минералды шикізат кен орындарын пайдалануға беру кезінде артықшылық беріледі», — деп мәлемдеді мемлекет басшысы Қазақстанда аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпус алдында.
«Бұл екі жақты тиімді прагматикалық әдіс», — деп атап өтті ол.
«Жыл сайын халықаралық экономика алаңында Қазақстанның ролі жылдан жылға көтерілуде. Біздің ел жаһандану нарығына мұнай, газ, минералды ресурстар мен бидай шығаруда. Сонымен қатар, Қазақстан өнімін алып отырған барлық елдердің тұрақтылық, ұзақ мерзімділік сияқты мүдделерін біздің мемлекет қамтамасыз етіп отыр, — деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті