ҚР премьері Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат пен халыққа қауіп төндіріп отырған аймақтарды анықтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьері Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат пен халыққа қауіп төндіріп отырған аймақтарды анықтауды тапсырды

ҚР премьері Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат пен халыққа қауіп төндіріп отырған аймақтарды анықтауды тапсырды

Астана. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат пен халыққа қауіп төндіріп отырған жерлерді толық анықтауды тапсырды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа отырысында оларға осындай тапсырма жүктелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 552
Фото - Caravan.kz

Бұдан өзге, үкміет басшысының пайымдауынша, министрлік Қазақстан кәсіпорындарының қоршаған ортаға шығарған қалдықтары мәселесіне «аса қатты көңіл» бөлуі керек. Ол осыған байланысты: «Отандық кәсіпорындардың қоршаған ортаға шығарған қалдықтары Еуропа мен АҚШ кәсіпорындарының шығару көлемінен бірнеше есе артық», — деп атап көрсетті.

«Сендерге тапсырамын: мүдделілік танытқан мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Каспий теңізінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді бағдарламасын жасау қажет. Оған мониторинг, тәуекелді басқару және биологиялық жүйені қорғау шараларын қабылдау мәселелері кіруі шарт», — деді премьер.

«Қазақстан жерінде тарихи уланған жерлердің мәселесі аса ушығып тұр. Елбасы Ақтөбеде хромды және Шымкентте қорғасынды жою бойынша арнайы тапсырма берген. Бұл жерлерді тазарту бағдарламалары басымдыққа ие болуы керек. Сондай-ақ мен экономика және бюджетті жоспарлау министріне бұл мәселелерді бюджеттен қарастыруды өтінемін», — деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті