Қырғызстан оппозициясы қоғамдық парламентті құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан оппозициясы қоғамдық парламентті құруда

Қырғызстан оппозициясы қоғамдық парламентті құруда

Бішкек. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық "Әділеттілік үшін" қозғалысы форумының қатысушылары қоғамдық парламентті құру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қоғамдық қозғалысының үйлестіру кеңесіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Барлық саяси ұйымдардың өкілдері парламент жұмысына қатысуға ниет білдерді. Қоғамдық қозғалысы мүшелерінің айтуынша, бұл бүгінгі парламентке балама ретіндегі ұйым болып, Қырғызстан Республикасының Жоғорку кеңешінде талқыланатын заң жобаларына қатысты екінші бір көз қарастар мен пікірлерді білдіретін болады.

«Біздер дауыс беру қорытындыларын қайта қарастыру үшін, халықаралық соттардың көмегіне жүгінуіміз керек. Сонымен бірге, біз тәуелсіз телевизияны құру арқылы, оппозицияның жеке ойы мен істерін халыққа жеткізетін боламыз, деп мәлімдеді «Демократия мен азаматтық қоғамдық» бірлескен қоғамдық коалиция жетекшісі Динара Ошураханова.

Бүгін қоғамдық парламенттің мүшелері өздерінің бірінші отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Оған 14 аса оппозициялық партияның өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

«Әділіттілік үшін» қоғамдық қозғалысы форумының қатысушылары өткен жылы өткізілген референдум және парламент сайлауын сынады. Қоғамдық қозғалыс мүшелерінің пікірінше, Қырғызстанда «барлық билік президенттің қолына өтті».

«Әділіттілік үшін» қоғамдық қозғалысы форумының мүшелері сондай-ақ, жоспар бойынша осы жылдың наурыз-сәуір айында халық құрылтайын өткізетінін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті