Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады

Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 17 қаңтарда "Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері: республикалық және аймақтық аспектілер" атты дөңгелек үстел өткізіледі.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 971
Фото - Caravan.kz

«Дөңгелек үстелді өткізудегі басты мақсат республикамыздағы жалпы ұлтаралық қарым-қатынастардың қазіргі ахуалын сипаттайтын басты мәселелерді, атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалды талқылауға саяды», -деп хабарлайды орталықтағылар.

«Альтернатива» орталығының ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде оған қатысушылардың ұлтаралық қарым-қатынастар саласында шиеленістерге жол бермеу және ахуалды жақсартуға қатысты тұжырымдары мен нұсқаулары дайындалуға тиіс.

Орталық пен «Нұр Отан» ХДП-ның Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге ғылыми зерттеу институттары, сарапшылар қоғамдастығы, саяси партиялар, ұлттық-мәдени ұйымдар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті