Қырғызстан қор биржасы бірнеше ірі компанияға 15% акциясын саудаға шығаруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан қор биржасы бірнеше ірі компанияға 15% акциясын саудаға шығаруды ұсынуда

Қырғызстан қор биржасы бірнеше ірі компанияға 15% акциясын саудаға шығаруды ұсынуда

Бішкек. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қырғызстан қор биржасы (ҚҚБ) Қырғызстанның негізгі электр қуаты компанияларының 15 % акциясын портфельдік және институционалдық инвесторларға күнделікті еркін сауда-саттыққа шығаруды ұсынуда, деп хабарлайды агенттік "Кабар" ұлттық қырғыз ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан қор биржасы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрбек Элебаевтың пікірінше, саудаға сонымен бірге «Қырғызтелеком» компаниясының 15 % акциясы мен «Манас» халықаралық әуежайының акцияларын сату керек. Қырғызстан қор биржасы , сондай-ақ кіріс мәселесі шешілмей отырған мемлекеттік үлестегі акционерлік компания акцияларының 10 пайызын сату қажет деген пікірде.

«Ал еркін айналымда қажетті акцияларға ие болып отырғын компаниялар сауда — саттыққа тек 5% акциясын шығарса жеткілікті», деді Н. Элебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті