БҰҰ бас хатшысы бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ бас хатшысы бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады

БҰҰ бас хатшысы бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады

Нью - Йорк. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады. Ол Мадридте 15-16 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, форумның жұмысына бірнеше мемлекеттік басшылары, үкімет басшылары, министрлер, үкіметаралық ұйымдардың жетекшілері, үкіметтің емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, діни ұйымдардың жетекшілер, БАҚ өкілдері қатысады.

БҰҰ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, форум барысында бірнеше жоспарлы жобалардың жүзеге асырылатыны жөнінде хабарлама беріледі. Бұл негізгі төрт салаға қатысты, «Өркениеттілік альянсы», көші-қон, жастар, БАҚ мен білім беру сияқты бағдарламалар легі.

Бұл форумды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — мемлекеттер арасындағы түсіністікті кеңейтіп, жаһандық серіктестік арқылы діни және мәдениеті әр түрлі халықтар арасындағы сенімділікті нығайту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті