Министрдің айтуынша, ертең Кемерово мен Санкт-Петербургтен ертең ресейлік мамандар келеді деп күтілуде. Атап айтсақ, техника ғылымдарының докторы, Тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздік жұмыстары жөніндегі ҒЗИ профессоры В. Мурашев келмекші.
В. Божконың хабарлауынша, ресейлік мамандарды шақыруға «Абай» шахтасында болған оқиғаның «кен өндіретін орын жаппай отқа оранған бұрын-соңды болмаған оқиға болғандығына байланысты. Бұл шахтадағы айрықша тау-кен-геологиялық жағдайларға байланысты».
Сонымен қатар, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ресейлік жетекші күйік орталықтарынан мамандар шақырылған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмыстар департаменті директорының орынбасары Бақытжан Сексенбаевтың айтуынша, қазір ауруханада жатқан 14 адамның жетеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Бір кеншінің тері қабаты мен тыныс алу жолдарының 60% күйіп қалған. Зардап шеккен өзге 7 кеншінің денсаулығы оңалып келеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтар күні таңертең 9 сағат 20 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған. Қазір 14 адам Қарағанды мен Абай ауылындағы ауруханаларда жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті