Алматы әуежайында жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпарат расталмады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпарат расталмады

Алматы әуежайында жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпарат расталмады

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматының әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі ҚР төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Жарылғыш зат жөнінде ақпарат расталмады. Әуежайды толық зерттеу үшін 100 адам жұмылдырылып, күдік туғызатын барлық заттар тексерілді. Біз бір мың адамды ғимараттан шығарып, жеті рейстің ұшырылу уақытын кейінге шегердік. Сағат 16.40 біз жырылғыш затты іздестіру жұмыстарын аяқтадық. Қазіргі уақытта әуежай күнделікті тәртіппен жұмыс істеуде», — деді Ю. Ильин.

Оның мәліметтері бойынша, жарылғыш зат туралы қауесет ақпарат телефон арқылы сағат 14.15 келіп түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті