Ішкі істер министрі президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрі президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады

Ішкі істер министрі президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарладйы агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында министр президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

«2007 жылы елдегі қылмыстық ахуал қалыпты бақылауда ұсталды. Жасалған қылмыс, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстық оқиғалар саны 10 пайызға азайды. Қазіргі таңда қылмыстың тең жартысын ұрлық жасау оқиғалары құрап отыр. Оларды ашу жұмыстарына ІІМ айрықша назар аударады. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте табысты жұмыс атқарылды. Былтырғы жылы нашақорлыққа тәуелді ретінде тіркелетін тұлғалар саны төмендеді», — деді Б.Мұхамеджанов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті