Экономикалық және қаржылық сілкіністерді ерте анықтау орталығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық және қаржылық сілкіністерді ерте анықтау орталығы құрылды

Экономикалық және қаржылық сілкіністерді ерте анықтау орталығы құрылды

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда экономикалық және қаржылық сілкіністерді ерте анықтау орталығы құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 366
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов президенттің 2007 жылдың қарашасында Қауіпсіздік кеңесінде пайда болған қауіп-қатерлер жағдайын мониторингтан өткізу және оны болжау жөніндегі орталық құру бойынша берген тапсырмасының орындалу барысы туралы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Оспановтың баяндамасын тыңдаған.

«Б. Сұлтанов үкімет басшысын экономикалық зерттеулер институтының жанынан экономикалық және қаржылық сілкіністерді ерте анықтау орталығы құрылғаны жайлы хабардар етті. Министрдің айтуынша, кеңес жұмысы барысында экономикалық саясат бойынша мекемеаралық ықпалдастық орнаған. Болжау және аналитикалық жұмыстар мен Дүниежүзілік банктің макроэкономикалық бағдарлама үлгісін енгізу бойынша сараптама тобы құрылу үстінде. Бірыңғай мониторинг жүйесі — «интерактивті тақта» енгізілуде», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Премьер-министр Б. Сұлтановқа 1-ақпанға дейін интерактивті тақтаның жұмысын on-line тәртібіне өзгерту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Біз тиісті шешімдерді қабылдай алуымыз үшін туындаған жағдайларға ерте әрекет ету жүйесін пайдалануымыз керек», — деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті