Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігімен құрастыру жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігімен құрастыру жұмыстары басталды

Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігімен құрастыру жұмыстары басталды

Байқоңыр. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігімен құрастыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағында 2008 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Бүгін 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары «Экспресс-АМ333» ғарыштық аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігін құрайтын өтпелі адаптермен және «Бриз-М» үдеткіш блогымен құрастырады.

Кеше «Экспресс-АМ33» жер серігінің ұшырылым алдындағы дайындығы аяқталды, кеше ол №31 алаңның монтаж-сынақ корпусынан №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусының залына тасымалданды.

Онда ғарыштық бас бөлік бірнеше күн бойы құрастырылады, бас обтекатель құрастырылып сынақтан өткеннен кейін ғарыштық бас бөлік «Протон-М» зымыран тасығышын жалпы құрастыруға жіберіледі. Ол келесі аптаға межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті