«Қазіргі уақытта жаңа техникалар сатып алынған, ал осыған дейін сатып алынған техникалық құралдар тіркеліп, легализациялануда»,- деп атап өтті А. Абазбеков.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 2-ші Қамбарата СЭС құрылысын аяқтауға 5 млрд сомға жуық қаржы бөлінген болатын. Жобаға сәйкес, 1-ші Қамбарата СЭС нысандардың ішіндегі үлкені болып табылады: оның жобалық қуаттылығы 1900 МВт құраса, жыл сайын 5,1 млрд кВт/сағ көлемінде электр қуатын шығару жоспарлануда. 2-ші Қамбарата СЭС қуаттылығы орнатылған агрегаттардың саны мен қуаттылығына қарай 240 — 360 МВт құрайды. Жоспарланған жылдық қуат шығару көлемі — 1050 — 1148 млн кВт/сағ.
Электр станциясының құрылысы 1986 жылы басталғанан болатын. Энергетиктердің мәліметтеріне сүйенсек, осы күнге дейін 2-ші Қамбарата СЭС құрылыс-монтаждау жұмысының 30 пайызға жуығы атқарылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті