Қырғызстанның қаржы министрлігі тұрғын үй ипотекалық несиелеудің үш бағытын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның қаржы министрлігі тұрғын үй ипотекалық несиелеудің үш бағытын әзірледі

Қырғызстанның қаржы министрлігі тұрғын үй ипотекалық несиелеудің үш бағытын әзірледі

Бішкек. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның қаржы министрлігі тұрғын үй ипотекалық несиелеу мен тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған бюджеттік қаржыны пайдалану механизмін әзірлеумен айналысатын жұмыс тобын құрған болатын. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 560
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта тұрғын үй ипотекалық несиелеудің үш бағыты әзірленген: «Жас мұғалімдер депозиті» және «Жас дәргерлер депозиті» бағдарламалары аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған баспана.

«Тұрғын үй несиесінің жинақтау жүйесіне тұрғындардың көбі қол жеткізе алады, жинақтау схемасы бойынша ипотекалық тұрғын үй несиесіне қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу жоспарлануда. Азаматтар осындай ұзақмерзімді тұрғын үй несиесінің тұрғын үй-жинақтау жүйесінің ұйымының көмегімен өз есепшоттарында белгілі бір соманы жинап, мемлекеттің жинақталған қаржыға бонус (сыйақы) беру түріндегі қолдауын таба алады»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше нарық жағдайында тұрғын үйлер салуды қаржыландыратын коммерциялық банктермен кездесу өткен. Қаржы министрлігі осы пәтерлердің болашақ иелерімен, «Алтын казык полюс» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелерімен рәсімделген ипотекалық несиелердің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия бөлетін болады.

Қазіргі уақытта «Кыргызский инвестиционно-кредитный банк» ААҚ келісім-шарт жасалған, ол «Алтын казык полюс» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелеріне нарықтық жағдайда 12 жылдық мерзіммен жылына 14 пайыздық ипотекалық несие беруді рәсімдейтін болады. Бірақ «Алтын казык полюс» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің нақты мүшелері банктің ипотекалық несиесін жылдық 8 пайызбен қайтаратын болады, себебі 6 пайызына мемлекеттік субсидия бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті