«Қазақстан Республикасында отандық өндірістен шыққан талдамалық жылжымалы зертхана жоқ. Қазақстандағы тиісті кәсіпорындар мен ұйымдарды жылжымалы зертханамен арнайы жобасы жасалған ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі 2008-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жабдықтау жоспарланған», — деді В. Петров.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясында жылжымалы зертханаларды сериялы шығару жолға қойылған, алайда, «Ресейде шығарылатын зертханалар ғарыштық-зымырандық іс-қызметке экологиялық мониторинг жүргізу жөніндегі жылжымалы арнаулы зертханаға қойылатын талаптарға сай келмейді».
В. Петров сонымен қатар қазіргі таңда «улы компоненттерге талдау жасаумен шұғылданатын мемлекеттік кәсіпорынның оқиға орнында тест-бақылауы мен экспресс-талдау жүргізуге арналған арнаулы жылжымалы зертхананың құрамына қатысты ұсыныстарды дайындағанын» хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті