Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Н. Әбіқаев
С.Лавровқа Астана қаласында 2008 жылдың қазанында жоспарланған мұсылман және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы дамысқа жету» атты форумына қатысуға шақыру ұсынды.
«Тараптар 2007 — 2008 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-әрекеттерінің жоспарының жүзеге асу барысы туралы, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ықпалдасу мәселелері мен халықаралық және аймақтық істер бойынша пікір алмасты», — деп көрсетілген хабарламада.
Сонымен бірге, С. Лавров Н. Әбіқаевты Ресей президентінің сайлау науқанының барысы жайлы құлағдар етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті