Ескерткіш тақтасы биіктігі екі метр қиыршық гранит тасынан жасалған. Онда қаза болған 9 кеншінің есімдері жазылған. Азалы рәсімге Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы келді.
Азалы рәсімде, сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин және «Арселор Миттал» көмір департаментінің атқарушы директоры Мұрат Перзадаев болды.
«Бұл әркімнің басына келуі мүмкін. Бұл ауыр қайғыға біз табандап шыдауымыз керек. Кеншілер өздерінің жұмысын атқарды, олардың батылдығы мен ерлігі ұмытылмайды. Ұлдарыңызды мақтан тұтыңыздар», — деді қаза болған кеншілердің туған туыстарына бас мүфти.
19 қаңтарда осы жерде православиелік дінділердің азалы рәсімі өткізіледі. Бұл жерде қаза болған православ кеншілерінің аттары жазылған крест қойылады. Осы жылдың көктемінде тап осы жерде мазар мен часовня тұрғызылады. Бұның бәрі кеншілердің кәсіби күніне дейін жасалуы тиіс «,- деді Н. Нығматулин.
Кеншілердің кәсіби күні тамыз айының соңғы жексенбі күніне түседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті