«Біз зайырлы мемлекетпіз, дін мемлекеттен бөлінген, бірақ бұл Қазақстан небір діни қозғалыстардың қоқысына айналуға тиіс деген сөз емес»,- деді Н. Назарбаев. «Бүгінгі күнде Қазақстанда оншықты мың әртүрлі миссионерлік ұйымдар жұмыс істейді. Біз олардың мақсаттары мен мідеттерінен бейхабармыз және елімізге қажетсіз әсіре еркіндік пен тайраңдуға жол бермеуге тиіспіз»,- деп атап көрсетті президент.
«Нұр Отан» партиясы діннің, ең алдымен ислам мен христиан дінінің қоғам өміріне әсерінің өсе түскенін ескере отырып, діни мәселеге қатысты ұстанымын нақты нығайтуға тиіс», — деп атап өтті мемлекет басшысы. «Әрине, партия діни радикализм, экстремизм сияқты ыдыратқыш құбылыстарға қатысты ұдайы принциптік көзқарас танытып, келеңсіз құбылыстардың алдын алуға бағытталған заңнамаларды жетілдіруге қатысты шаралар қабылдауға тиіс»,- деп қорытындылады Елбасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті