Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрттердің салдарынан 3 адам, соның ішінде бір жас нәресте қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрттердің салдарынан 3 адам, соның ішінде бір жас нәресте қаза тапты

Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрттердің салдарынан 3 адам, соның ішінде бір жас нәресте қаза тапты

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрттердің салдарынан 3 адам, соның ішінде бір жас нәресте қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 376
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының Ынтымақ ауылында жай үйде 175 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 2 адамның, соның ішінде екі жасар баланың мәйіті табылды. 16 жасар қыз көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 43 адамы мен 7 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, Алматыда жай үйде шыққан өрт салдарынан 21 жастағы жігіт көмірқышқыл газынан уланып, жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті