Оңтүстік Қазақстанда газдың жарылысынан 19 адам күйікке шалдықты - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда газдың жарылысынан 19 адам күйікке шалдықты - ТЖМ

Оңтүстік Қазақстанда газдың жарылысынан 19 адам күйікке шалдықты - ТЖМ

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстанда газдың жарылысынан 19 адам күйікке шалдықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 17 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Орманшы ауылындағы жай үйде жер асты газ құбырынан (диаметрі 159 мм) табиғи газ шығу салдарынан 48 шаршы метр аумақта газды-ауалы қоспа жарылды. Соның салдарынан 19 адам орта дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

«Үй конструкциясы бұзылған жоқ, терезе әйнектері сынды», — деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті