Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «17 — 20 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін деп күтілуде: түнде кей жерлерде 37 — 40 градус аяз, күндіз 27 — 32 градус нөлден төмен болады».
Алдағы ауа райының келеңсіз болуына байланысты Төтенше жағдайлар басқармасы қаланың барлық нысандарының басшыларына «адамдардың құрбан болуына жол бермеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға қатысты шаралар қабылдауды» өтінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті