2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген - Божко - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген - Божко

2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген - Божко

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген. Бұл туралы кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысының барысында министр Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 17 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген, 14 қызметкер, соның ішінде басшы құрамның қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталған»,- деді В. Божко.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, өртке қарсы қадағалау қызметтерінің бірқатар басшыларына «тәртіптік жаза тағайындалып, кейбіреулерінің лауазымдары төмендетілген».

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрі, «көптеген басшы құрамда біздің жұмысымыз бен қызметіміздің басты міндеті төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылатындығы туралы түсінік бар». «Оның мәліметтеріне сүйенсек, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін «2007 жылы азаматтардың өміріне төнген қауіпті жою мақсатында 145 млн теңге айыппұл салынып, 14686 нысанның жұмысы тоқтатылған және азаматтардың мүліктеріне төнген қауіпті жою мақсатында 254 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 2513 нысанның іс-қызметі тоқтатылған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті