Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 2007 жылы 582 млн теңгені игермеген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 2007 жылы 582 млн теңгені игермеген

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 2007 жылы 582 млн теңгені игермеген

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 2007 жылы 582 млн теңгені игермеген, олардың жартысына жуығы Астананың билік өкілдері өрт депосының құрылыс орнын ауыстыруының салдарынан игерілмей қалған. Бұл туралы кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысының барысында министр Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Төтенше жағдайлар министрлігінде бюджетті толық игеруге қатысты шаралар қабылдануда. Өткен жылы игерілмей қалған бюджет қаржысы 582 млн теңгені құрайды, оның 250 миллионы Астанада қала басшыларының өрт депосының құрылыс орнын үш рет ауыстыруының салдарынан игерілмей қалған»,- деп түсіндірді В. Божко.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, тағы 155 млн теңге «фирманың телескопиялық көтергіштерді тасымалдауын үзгендігінен» және 30 млн жуығы — қорғаныс ғимараттарын жобалауда тәжірибелі ұйымдардың болмауына байланысты игерілмей қалған.

«Осыдан кейін салмақты қорытынды жасауға болады»,- деген уәде берді министр үкімет басшысына.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті