Семейде "Жылукоммунэнерго" мемлекеттік кәсіпорны банкрот болып танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде "Жылукоммунэнерго" мемлекеттік кәсіпорны банкрот болып танылды

Семейде "Жылукоммунэнерго" мемлекеттік кәсіпорны банкрот болып танылды

Семей. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Жылукоммунэнерго" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны банкрот болып танылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Жылукоммунэнерго" МК қаржы жөніндегі директорының орынбасары Саят Әкімжанов хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Бүгінге кезде қала әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, кәсіпорынды санациялау шараларын қолға алуда. Сондай-ақ, арнайы бағдарлама бойынша кәсіпорын қайта оңалтылады», — деді С. Әкімжанов. Ол атап өткеніндей, «санацияны өту кезеңі 2-3 айға созылады».

Бүгінде кәсіпорын қарыздары 1 млрд теңгеден асады. «»Жылукоммунэнерго» құрылғаны төменгі бағамен белгіленген тарифтер өзгертілмеген. Соның салдарынан кәсіпорын осындай жағдайға тіреліп отыр», — деп түсіндірді С. Әкімжанов.

«Бүгінгі кезде конкурстық басқарушыны тағайындау жөнінде мәселесі шешіліп жатыр. Ол шешімін тапса, содан кейін қолданылып отырған заңдарға сәйкес, процессуалдық шаралар қабылданады. Кәсіпорынның бұрынғы аты қалдырылды, осыған дейін қалай жұмыс істесе, солай одан әрі қарай қызмет көрсететін болады», — деп хабарлады қаржы мәселесі жөніндегі директордың орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті