Павлодарда бес қабатты жатақхана өртеніп жатыр, құрбан болғандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бес қабатты жатақхана өртеніп жатыр, құрбан болғандар бар

Павлодарда бес қабатты жатақхана өртеніп жатыр, құрбан болғандар бар

Павлодар. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда бес қабатты жатақхана өртеніп жатыр, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 348
Фото - Caravan.kz

«»Хромзавод» маңындағы жатақхананың өртенгені туралы дабыл кезекші пультке 9 сағат 47 минутта келіп түскен. Өртке екінші санаттағы күрделілік тағайындалды», -деп хабарлайды мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі.

«Жалынға оранған ғимараттан 12 тұрғын шығарылды. Өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды, оның аты-жөні әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бірнеше техникасы мен 20 адамы жұмылдырылды», — деп хабарлайды мекеме.

Қазіргі жағдаймен өрт сөндірушілер өрт ошағын шоғырландырды. «Өрттің сөндірілгені туралы хабар келген жоқ», -деп хабарлайды мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі. Өрт шыққан жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен құтқару қызметінің бригадасы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті