Парламент сенатының жанындағы мәслихаттармен ықпалдастық жөніндегі кеңестің құрамы кеңейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатының жанындағы мәслихаттармен ықпалдастық жөніндегі кеңестің құрамы кеңейтілді

Парламент сенатының жанындағы мәслихаттармен ықпалдастық жөніндегі кеңестің құрамы кеңейтілді

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының жанындағы мәслихаттармен ықпалдастық жөніндегі кеңестің құрамы кеңейтілді. Бүгін өткен кеңестің отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Кеңестің құрамын кеңейткен орынды. Кеңес негізінен облыстық деңгейдегі мәслихаттардың хатшыларынан құралған. Кеңеске аудандық деңгейдегі мәслихаттардың хатшыларын да қамтыған жөн», -деп мәлімдеді Кеңес төрағасы, сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Төрағаның ұсынысымен кеңес құрамына Лисаковск қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Кривошея мен Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы Естемес Аманбеков қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті