Дәрігерлердің хабарлауынша, кеше кешке саяжай аймағынан үсіп қалған 42 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған. «Ол саяжайда тұрған, үйдегі сынап бағанасы даладағы температураны көрсетіп тұр», — дейді дәрігерлер.
Сонымен бірге, Дулатов көшесіндегі жатақхананың сатысының үстінен 51 жастағы ер адамның мәйіті табылған. «Ол да үсіп өлген, оның қолдары мен аяқтары үсіген», — деп хабарлайды жедел жәрдем станциясындағылар.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасындағылардың хабарлауынша, бүгін таңертең Семейде 36 градус аязды көрсеткен, ал қазір температура — 33 болып тұр. «Аязға байланысты мектептерде 1-11 сынытар үшін сабақ тоқтатылды, кешке жолдар жабылады», -дейді басқармадағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті