ШҚО облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көліктердің қаладан шығуына тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көліктердің қаладан шығуына тыйым салды

ШҚО облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көліктердің қаладан шығуына тыйым салды

Семей. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көліктердің қаладан шығуына және кәсіпорындардың сыртқы жұмыстарды жасауына тыйым салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Шаруашылық нысандардың жетекшілеріне уақытша ұзақ жолға шығуына тыйым салынды. Амалсыз жолға шығарылатын көліктер болса, ондай олар тайғақтан сақтайтын бұғау, азық-түлік қоры, дәнекерлейтін шам, жылы киімдермен жабдықталып жіберіледі», — делінген үндеуде.

Кәсіпорын басшыларына барлық сыртқы жұмыстарды тоқтатып, апатты жағдайда пайдаланылатын қосымша қуат көздерін және өртті сөндіретін құрал -жабдықтарды дайындаудың қажеттілігі ескертілді.

ТЖД мәлімдегеніндей, «міндетті түрде тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастырып, ауыз су, медициналық дәрі-дәрмектердің қорын құру қажет».

«Ауылды жерлерде малдар үшін су мен жем қорын дайындау керек. Сонымен қатар, өрт пен жарылыстық себептері бола алатын агрегаттар мен механизмдерді, электр қуаты көздерін өшіруді ұйымдастыру жұмысына назар аудару керек «, — деп хабарлайды департаментте.

«Тұрғындарға жоспарланған сапарларын кейінге қалдырып, елдімекендерден көлікпен табиғат аясына шығуға тыйым салынды. Сонымен бірге, ауыз судың қорын және жеке жарық беретін құралдарды үйде ұстау ұсынылған», — деді ТЖД.

«Қазгидрометтің» мәліметтері бойынша, 2008 жылы 17 — 20 қаңтар аралығында ШҚО ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 37-40 градусқа жетсе, күндіз кейбір жерлерде 25-30 градус аяз болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті