«Былтыр Қарағанды облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» заңның сақталуына жүргізілген тексеру барысында 786 заң бұзу оқиғасы анықталды», — деді А. Бажеев.
Оның айтуынша, 120 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексерулердің қорытындысы бойынша үш қылмыстық іс қозғалып, жеті қылмыстық іс сотқа жіберілген, соған сәйкес үш адам сотталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті